«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама.
Тазалық тек көшелер мен аулаларды жинаумен шектелмейді, ол адамдардың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрсеткіші. Таза ортада өмір сүрген адамның денсаулығы да мықты болады. Сондықтан әрбір тұрғын өз үйінің ауласын, көшесін таза ұстап, табиғатты қорғауға үлес қосуы қажет. Осындай акциялар қоғамды бірлікке шақырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.
Аяжан Ертілеу



