«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама деп есептеймін.
Бұл акция тек сенбілік өткізіп, қоқыс жинаумен шектелмейді. Ол әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялауға үндейді. Тазалық – әр адамның өзінен, өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Сондықтан мұндай игі іске қоғам болып атсалысу өте маңызды.
Мен өзім де осындай экологиялық шараларға қатысып, туған өлкеміздің таза әрі көрікті болғанын қалаймын. Табиғат – келер ұрпаққа қалдыратын ең үлкен байлығымыз. Егер бүгін біз қоршаған ортаны таза ұстап, ағаш егіп, су көздерін ластамай, айналамызды күтіп ұстасақ, ертеңгі ұрпаққа жайлы өмір сүруге мүмкіндік қалдырамыз.
Акция барысында тұрғындардың, жастардың және еріктілердің белсенділігі ерекше қуантады. Бір мақсатқа жұмылып еңбек ету адамдардың ұйымшылдығын арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтады. Әсіресе жастардың табиғатты қорғау ісіне араласуы – олардың азаматтық жауапкершілігінің қалыптасуына оң әсер етеді. Осындай шараларға қатысқан жас буын тазалықтың маңызын терең түсініп өседі деп сенемін.
Нұргүл Нұрланқызы
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының психологы



