Әр ауладан басталатын игі іс

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» – бұл тек сенбілікке шығып, қоқыс жинаумен шектелетін акция емес. Бұл – туған жерге деген жанашырлықты, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды бастама. Ауламыздың, көшеміздің, қаламыздың тазалығы – әрқайсымыздың мәдениетіміз бен тәрбиеміздің айнасы.

Тазалықты сақтау үшін үлкен істер жасаудың қажеті жоқ. Қоқысты арнайы орынға тастау, табиғатты ластамау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды күтіп ұстау – әр азаматтың қолынан келетін қарапайым, бірақ маңызды әрекеттер. Осындай игі әдеттер қоғамда кеңінен қалыптасса, еліміздің экологиялық ахуалы да жақсара түседі.

«Таза Қазақстан» бастамасы халықтың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген жанашыр көзқарасты нығайтуға бағытталған. Сондықтан бұл жұмыстар тек белгілі бір кезеңде ғана емес, жыл бойы жалғасып, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы керек деп есептеймін. Өйткені таза ел – дені сау ұлттың, көркейген мемлекеттің кепілі.

                    Аман Мұратұлы                                          

 «Аман-Есен» шаруа қожалығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT