Парламенттің жауапты еңбегі – ел болашағының берік негізі


Мемлекет басшысының Парламент депутаттарының еңбегіне берген жоғары бағасы – заң шығарушы биліктің ел дамуындағы ерекше рөлін айқындайтын маңызды ұстаным. Президент өз сөзінде Парламент қабырғасында қабылданған әрбір заңның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Шынында да, еліміздің өркендеуі сапалы заңнамалық негізге тікелей байланысты. Соңғы жылдары жүзеге асқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың құқықтық базасын қалыптастыруда Парламент депутаттары үлкен жауапкершілікпен еңбек етті. Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына қосылған сүбелі үлес. Президенттің қазіргі шақырылымдағы Парламентті Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамдардың бірі деп бағалауы – халық қалаулыларының қажырлы еңбегіне берілген әділ баға. Олар ел өміріндегі күрделі әрі шешуші кезеңде жауапкершіліктен жалтармай, маңызды реформаларды заң жүзінде бекітіп, мемлекет мүддесін бәрінен биік қойды.

Айша Ерден, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT