Отпен ойнаудың салдары ауыр

Қасақана өрт қою – адам өмірі мен мүлкіне үлкен қауіп төндіретін ауыр құқық бұзушылық. Мұндай әрекет салдарынан тұрғын үйлер, кәсіпорындар мен табиғи аумақтар зардап шегіп, адамдар материалдық шығынға ұшырайды. 

Ең өкініштісі, адам өміріне қауіп төнуі немесе қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.
Сондықтан әрбір азамат өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап қана қоймай, қоғамға зиян келтіретін мұндай әрекеттерге қарсы болуы тиіс. 

 Заңды құрметтеу және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – баршамыздың міндетіміз деп санаймын.

   Айбол Қайратұлы

полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT