Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Отбасы – әр адам өзін қауіпсіз сезініп, мейірім мен қамқорлық табуы тиіс орта.

Алайда отбасындағы зорлық-зомбылық жақын адамдардың өміріне ауыр зардап әкеледі. Күш көрсету, қорқыту, кемсіту мен психологиялық қысым жасау ешқашан мәселені шешудің жолы бола алмайды.

 

Зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай деп қабылдауға болмайды. Әрбір адам өз құқығын біліп, қиындыққа тап болған жағдайда көмек сұраудан қорықпауы керек. Қоғам болып үнсіз қалмай, мұндай жағдайлардың алдын алуға үлес қосуымыз қажет. Отбасындағы тыныштық пен балалардың қауіпсіздігі – баршамыз үшін маңызды.

 

Р.Омарбек

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT