Ортақ жауапкершіліктің көрінісі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – қоғамды тазалыққа, табиғатты аялауға үндейтін маңызды бастамалардың бірі. Бұл акция тек сенбілік ұйымдастырып, қоқыс тазалаумен шектелмейді.

Оның басты мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. 
     Бүгінде акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде тазалық жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Көшелер, саябақтар, тарихи орындар мен қоғамдық аумақтар тазартылып, тұрғындар ортақ іске белсенді қатысуда. Мұндай шаралар адамдарды бірлікке, еңбекқорлыққа және туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Таза орта – денсаулық кепілі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығын сақтау тек коммуналдық қызметтің емес, әрбір азаматтың міндеті болуы тиіс. Қарапайым тазалықтан басталған жауапкершілік үлкен мәдениетке ұласады. «Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадам. Осындай игі бастамалар қоғамның экологиялық санасын арттырып, келер ұрпаққа таза әрі көрікті ел қалдыруға жол ашады.
                   Сандуғаш Айтқұлова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT