Ортақ мүлікке ұқыпты болайық

Вандализм – қоғамға ортақ мүлікті қасақана бүлдіру, сындыру немесе ластау арқылы жасалатын құқық бұзушылықтардың бірі. 


 Мұндай әрекеттер тек материалдық зиян келтіріп қоймай, қаланың немесе ауылдың көркін бұзады, қоғамдық тәртіпке кері әсер етеді. Өкінішке қарай, кейбір жағдайларда аялдамалар, саябақтар, жарық шамдары, орындықтар сияқты ортақ нысандар бүлініп жатады. 

Бұл – бәрімізге ортақ игілікке немқұрайлы қараудың көрінісі.
Менің ойымша, әр азамат өзінен бастау алып, қоғамдық орындарды таза ұстауға, мүлікті күтіп пайдалануға жауапты болуы керек. Әсіресе жастар арасында тәрбие мен түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды. 


  Торғын Орынбасарқызы

Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT