«Таза Қазақстан» акциясының басты ерекшелігі – адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыруында деп ойлаймын. Мұндай шаралар тұрғындардың белсенділігін арттырып, қоғамдағы ұйымшылдықты нығайтады.
Аула тазалау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды ретке келтіру сияқты жұмыстар арқылы әр адам туған өлкесінің дамуына өз үлесін қоса алады.
Ең бастысы, тазалыққа деген көзқарас тек акция кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сонда ғана бұл бастаманың нәтижесі ұзақ мерзімді болады.
Жазира Бердіқұлқызы
Аудандық музейдің әдіскер маманы



