Ортақ іске үлес қосайық

Кейде адамдар қоқысты кез келген жерге тастап, кейін оның тазаланбауына шағымданып жатады. Алайда тазалықты сақтау ең алдымен өзімізден басталуы керек.

«Таза Қазақстан» акциясы қоғамға осыны түсінуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл бастама тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, туған жердің тазалығына үлес қосуға үндейді. Әсіресе жастардың мұндай шараларға белсенді қатысуы олардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырады.

Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстауға атсалысса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түсер еді. Сондықтан тазалыққа бейжай қарамай, ортақ іске өз үлесімізді қосуымыз қажет. Таза орта – дені сау қоғам мен жайлы өмірдің кепілі.

      Жанар Орынбасарқызы 

 «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT