Онлайн алаяқтарға алданбаңыз!

Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтық қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Алаяқтар түрлі әдістерді қолданып, азаматтардың банк карталарының деректерін, жеке мәліметтерін алдап алып, қаржысын заңсыз иемденуде. 

Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын жалған хабарламалар мен күмәнді сілтемелерден сақ болған жөн. Менің ойымша, интернет алаяқтығына қарсы күресте әр азаматтың қаржылық сауаттылығы маңызды рөл атқарады. Белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеу, банк картасының құпия мәліметтерін ешкімге бермеу және күмәнді сілтемелерді ашпау қажет. 

Құқық қорғау органдары мен қаржы ұйымдары халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, алдын алу шараларын тұрақты жүргізуі тиіс. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып қана өз қаражатымызды қорғап, интернет алаяқтарының құрбаны болудан сақтана аламыз.

    Бақдәулет Теміржанұлы

 Құлсары қаласы әкімі аппаратының штаттан тыс қызметкері

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT