Өңірлердің өркендеуі – ел дамуының басты бағдары

Мемлекет басшысының өңірлерге жұмыс сапарымен баруы – ел дамуының маңызды бағыттарына айрықша көңіл бөлініп отырғанының айқын көрінісі.

Әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, өндіріс орындарын дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту – мемлекет алдындағы басты міндеттердің бірі.

Мұндай жұмыс сапарлары барысында аймақтардағы өзекті мәселелерге назар аударылып, атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі сараланады. Сонымен қатар жаңа жобалардың жүзеге асуына, инвестиция тартуға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға жол ашылады.

Өңірлердің өркендеуі – тұтас еліміздің дамуының кепілі. Сондықтан өндіріс пен инфрақұрылымды жетілдіруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамалардың маңызы зор. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ел экономикасының нығаюына ықпал ететін игілікті істер.

Әбдікәрімова Жансая,

”Кең Жылой” газетінің жауапты хатшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT