Лудомания – қазіргі қоғамдағы өте қауіпті әлеуметтік мәселенің бірі. Бұл тек адамның қаржылық жағдайына емес, оның психологиялық денсаулығына, отбасына және болашағына да үлкен зиян келтіреді.
Оның қауіпті жағы – ол біртіндеп дамиды, бастапқыда жай қызығушылық болып көрінеді, кейін бақылаудан шығып кетеді. Сондықтан әр адам өз уақытын дұрыс пайдаланып, бос қызығушылық пен тәуелділіктің арасын ажырата білуі керек.
Менің ойымша, бұл мәселенің алдын алу үшін қоғамда түсіндіру жұмыстары көп жүргізілуі қажет. Отбасы тәрбиесі, мектептегі тәрбие және ақпараттық қолдау маңызды рөл атқарады.
Жазира Ихсанова
Жылыой ауданы бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері


