Адам өмірінде қиындықтар мен тығырыққа тірелетін кезеңдер болуы мүмкін. Осындай сәттерде адам жалғыз қалмай, жақындарының, достарының немесе мамандардың көмегіне жүгінгені маңызды.
Суицид туралы ойлар көбіне адамның ауыр эмоционалдық күйзелісті жалғыз көтеріп жүргенін білдіруі мүмкін. Сондықтан айналамыздағы адамның мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамай, оны тыңдап, қолдау көрсетуіміз қажет.
Бір ауыз жылы сөздің өзі қиын сәттегі адамға үлкен демеу болуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, мәселенің шешімі бар екенін естен шығармаған жөн. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көмек сұраудан ұялмайтын орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Айдана Серікқызы



