Адам өмірі – ең қымбат құндылық. Сондықтан қоғамдағы әр адамның өмірі мен психологиялық саулығына бейжай қарамау – баршамызға ортақ міндет. Соңғы жылдары жасөспірімдер мен жастардың эмоционалдық жағдайына, олардың мәселелерін дер кезінде анықтап, қолдау көрсетуге ерекше мән беріліп келеді.
Суицидтің алдын алуда ең маңызды қадамдардың бірі – адамның жалғыз қалмауына жағдай жасау. Кейде сырт көзге көңілді көрінген адамның ішінде шешілмеген мәселе, уайым немесе ауыр эмоционалдық күй болуы мүмкін. Сондықтан жақын адамның мінез-құлқындағы күрт өзгерістерге назар аударып, оның жағдайын сұрап, тыңдай білу маңызды.
Әсіресе ата-аналар баласымен ашық сөйлесіп, оның пікірін тыңдауға уақыт бөлгені жөн. Баланың мәселесін «ұсақ нәрсе» деп қабылдамай, оның сезіміне құрметпен қарау – сенімді қарым-қатынастың негізі.
Айдана Сәрсенбай



