Суицид – тек бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның назарын қажет ететін күрделі мәселе. Оның себептері әртүрлі болуы мүмкін: психологиялық күйзеліс, ұзаққа созылған стресс, жалғыздық сезімі немесе өмірлік қиындықтар. Осындай кезеңде адамға дер кезінде көрсетілген қолдау мен түсіністік оның өмірін сақтап қалуға ықпал етеді.
Әрбір адам өмірінде қиын сәттерді бастан кешіруі мүмкін. Мұндай жағдайда өз мәселесін іште сақтамай, жақындарымен бөлісу, психологтың немесе басқа да мамандардың көмегіне жүгіну маңызды. Қиындық уақытша болғанымен, өмір – баға жетпес құндылық.Суицидтің алдын алу – тек медицина немесе психологтардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бір-бірімізге жанашырлық танытып, қолдау көрсету, жылы сөз айтып, мұқтаж жанды тыңдай білу – көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі. Өмірді бағалау, психикалық саулыққа көңіл бөлу және қиындыққа тап болған адамды жалғыз қалдырмау әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігіміз.
Арман Ізтілеуов



