Суицидтің алдын алу – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Кейде адам өмірінде қиындықтар, күйзеліс пен жалғыздық сезімі орын алуы мүмкін. Алайда қандай жағдай болмасын, әр мәселенің шешімі бар екенін ұмытпау қажет. Қиын сәтте ішкі жан дүниеңізді жасырып қалмай, жақын адамдарыңызбен сөйлесіп, қолдау сұрау маңызды. Психологтардың, мамандардың көмегіне жүгіну – әлсіздік емес, керісінше өз өміріңізге жауапкершілікпен қараудың белгісі.
Әрбір адамның өмірі – баға жетпес құндылық. Бір ауыз жылы сөз, жанашырлық пен түсіністік кейде адамға үлкен үміт сыйлайды. Сондықтан айналамыздағы адамдарға бейжай қарамай, олардың көңіл-күйіне мән беріп, қиындыққа тап болған жандарға қолдау көрсетейік. Өмірді қадірлеу және бір-бірімізге қамқор болу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Аружан Серікқызы



