Мемлекеттік құпияны жария ету – ел қауіпсіздігіне төнген қауіп


Мемлекеттік құпияны сақтау – әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін аса маңызды міндеттердің бірі. Мемлекеттік маңызы бар ақпараттардың рұқсатсыз жария болуы елдің қорғаныс қабілетіне, экономикасына және қоғамдық қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін.
Менің ойымша, мемлекеттік құпияны жария ету – жай ғана заң бұзушылық емес, ол үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе. Себебі кез келген құпия ақпараттың сыртқа шығуы мемлекет мүддесіне зиян келтіріп, түрлі қауіптердің пайда болуына себеп болуы ықтимал. Сондықтан мұндай ақпаратпен жұмыс істейтін әрбір азамат өз міндетін түсініп, заң талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Қазіргі таңда ақпараттың жылдам тарайтын кезеңінде құпия мәліметтерді қорғаудың маңызы артып келеді. Әрбір азамат ақпаратты дұрыс пайдаланып, заң талаптарын құрметтеуі керек. Заңды сақтау, ел мүддесін қорғау және жауапкершілікпен әрекет ету – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құрудың басты шарттарының бірі деп есептеймін.

                                         Маржан Темірғалиқызы
                          №1 жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік педагогі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT