Мемлекет тұрақтылығы және құқық үстемдігі

Қазіргі дамыған заманда заң мен тәртіптің маңызы күн санап артып келеді.

Бұл ұғымдар тұрақты мемлекет пен мықты экономиканың құрылуына тікелей әсер етеді. Заңның үстемдігі қамтамасыз етілген елде инвесторлар да, қарапайым халық та өзін жайлы сезінеді. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен әділдігі құқықтық жүйенің сапасын көрсетеді. Кез келген заң бұзушылық, мейлі ол кішігірім болсын, жазасыз қалмауы тиіс. Әділеттілік қағидаты сақталғанда ғана халықтың заңға деген құрметі мен сенімі артады. Бүгінде заңнаманы заман талабына сай жетілдіріп отыру – басты мақсаттардың бірі. Құқықтық мемлекетте ешкімнің де заңнан аттап кетуге немесе артықшылыққа ие болуға құқығы жоқ. Тәртіпті қоғам қалыптастыру – ұзақ әрі жүйелі жұмысты талап ететін үдеріс.

Түптеп келгенде, заң үстемдігі бар жерде ғана шынайы демократия мен өркендеу болады.

Н.Амангелді

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT