Конституция - мемлекет өмірінің негізгі заңы, ал оған енгізілетін өзгерістер халықтың пікірімен қабылданғаны дұрыс. Себебі, референдум елдің болашағына тікелей әсер ететін маңызды қадам.
Мемлекет басшысының бұл бастамасы қоғамдағы демократиялық құндылықтарды нығайтып, халықтың мемлекет ісіне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Осы тұста ескеретін жағдай әр адамның дауысы маңызды екенін естен шығармаған жөн деп ойлаймын.
Мен референдумды елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды тетік деп есептеймін. Сондықтан әр азамат бұл мәселеге бейжай қарамай, өз пікірін білдіруі керек.
Қала тұрғыны
Әсел Қойшыбаева


