Мас жүргізушілер қоғам қауіпсіздігіне төнген қатер

Мас күйінде көлік басқару – ең ауыр құқықбұзушылықтардың бірі. Себебі бұл тек жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жолдағы барлық адамның қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Бір сәттік жауапсыздық үлкен қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін.

«Заң және тәртіп» қағидасы дәл осындай жағдайларда ерекше маңызды. Заң мас күйінде көлік жүргізуге қатаң тыйым салады және бұл тыйым жай ереже емес, адам өмірін қорғауға бағытталған қажетті шара. Өкінішке қарай, кей адамдар бұл талаптың маңызын елемей, өз өмірімен қатар өзгенің тағдырын да қатерге тігеді.

Мас жүргізуші қатысқан жол-көлік оқиғалары көбіне ауыр салдарға соқтырады: жарақат, мүгедектік немесе қайғылы өлім жағдайлары. Сондықтан мұндай әрекетке тек айыппұл немесе жаза ретінде емес, қоғамға қарсы үлкен жауапкершілік ретінде қарау керек.

Дамир Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT