Мас күйінде көлік басқару – тек заң бұзушылық қана емес, адам өміріне төнген үлкен қауіп. Бір сәттік жауапсыздықтың салдарынан талай отбасы жақынынан айырылып, орны толмас қайғыға душар болып жатады. Көлік тізгініне отырған әрбір адам өз өмірімен қатар, жолаушылар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Сондықтан мас күйінде көлік жүргізуге қоғам болып қарсы тұрып, жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Өмір – баға жетпес құндылық, оны тәуекелге тігуге ешкімнің қақысы жоқ.
Ғарифолла Жанғалиев



