Мас күйде көлік басқару – жолдағы ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Мұндай әрекет жүргізушінің назарын төмендетіп, дұрыс шешім қабылдау қабілетін әлсіретеді. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алып, адам өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян келуі мүмкін. Сондықтан әрбір жүргізуші өз жауапкершілігін сезініп, алкогольдік ішімдік ішкен жағдайда көлік тізгініне отырмауы тиіс. Заң талаптарын сақтау – өз өміріңізді ғана емес, өзгенің де өмірін қорғаудың маңызды жолы.
Нұрсұлтан Әбілқайырұлы



