Жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Малшылар күні аталып өтеді. Бұл мереке – төрт түлік өсіріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген аграрлық сала мамандарына көрсетілген құрметтің белгісі.
Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының маңызды бағыты ғана емес, ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосатын стратегиялық сала.
Бүгінде мал шаруашылығы агроөнеркәсіп кешені өнімінің 39 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отыр. Бұл көрсеткіш саланың ел экономикасындағы орны ерекше екенін аңғартады. Ұлттық статистика бюросының деректері де мал шаруашылығының тұрақты дамып келе жатқанын дәлелдейді. Ірі қара, қой-ешкі және жылқы санының артуы, ет, сүт және жұмыртқа өндірісінің өсуі – саладағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Жәнібек Сабыров, Жылыой ауданы тұрғыны



