Лудомания – жай ғана әуестік емес, ол адамның еркіндігін, уақытын, қаржысын бақылаудан шығаратын тәуелділік. Менің ойымша, бұл мәселе тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның тәртібі мен қауіпсіздігіне әсер етеді.
Себебі құмар ойынға тәуелді адам көбіне қарызға батып, кей жағдайда заң бұзуға дейін барады.
Заң мен тәртіп тұрғысынан қарасақ, мемлекет құмар ойындарға шектеу қою арқылы азаматтарды қорғауға тырысады. Бірақ ең бастысы – адамның өз ішкі жауапкершілігі. Әр адам өз әрекетіне есеп беріп, жеңіл табысқа деген қызығушылықты емес, адал еңбекті таңдауы керек.
Жеке тұлға ретінде мен лудоманияны қоғам үшін қауіпті құбылыс деп санаймын. Онымен күресу тек тыйым салумен шектелмеуі тиіс — түсіндіру, алдын алу, психологиялық қолдау қатар жүруі қажет. Себебі тәртіп пен заң тек сыртқы бақылау емес, ол әр адамның ішкі ұстанымынан басталады.
Әсел Сангарейқызы
Аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыру-әдістеме бөлім басшысы


