Лудомания, яғни құмар ойынға тәуелділік – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Оңай ақша табуды көздеген көптеген адамдар уақыт өте келе қаржылық қиындықтарға тап болып, отбасы мен жақындарының сенімінен айырылып жатады. Құмар ойын адамның психологиялық жағдайына кері әсер етіп, оны қарызға батыруы мүмкін. Сондықтан әр азамат мұндай тәуелділіктің зиянын түсініп, бос уақытын пайдалы істерге арнауы қажет. Салауатты өмір салтын ұстану және жауапкершілікті сезіну – лудоманияның алдын алудың ең тиімді жолы.
Бекет Айсұлтанұлы



