Лудомания – қоғамға төнген қауіп

Қазіргі қоғамда алаңдататын мәселелердің бірі – лудомания, яғни құмар ойынға тәуелділік. Бұл тек бір адамның ғана мәселесі емес, тұтас отбасының, тіпті қоғамның тыныштығына әсер ететін күрделі проблема деп ойлаймын.

Құмар ойынға әуестік адамның уақытын ғана емес, қаржысын да, жүйкесін де құртады. Бүгінгі күні Соның салдарын тартып отырған отбасы да аз емес.

 Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында мұндай келеңсіз құбылыстарға тосқауыл қою өте маңызды. Мемлекет тарапынан құмар ойындарға бақылау күшейіп, заң талаптары қатаң сақталуы керек деп есептеймін.

 Менің ойымша, әр адам өз өміріне жауапкершілікпен қарап, оң жолды таңдауы тиіс. Себебі құмар ойыннан ұтатын ешкім жоқ, керісінше адам өз болашағын тәуекелге тігеді. Ал заң мен тәртіп үстемдік құрған қоғамда мұндай теріс әдеттерге орын болмауы керек.

                     Қала тұрғыны
                  Гүлдана Юсупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT