Лудомания – адамның құмар ойындарға шамадан тыс әуестеніп, өз әрекетін бақылау қабілетін жоғалтуына әкелетін қауіпті тәуелділік.
Оның салдарынан адам қаржылық қиындықтарға тап болып, жақындарымен қарым-қатынасы нашарлауы мүмкін. Әсіресе оңай әрі тез ақша табуға қызығатын жастардың бұл мәселеге тап болу қаупі бар. Сондықтан бос уақытты спортқа, шығармашылыққа және пайдалы істерге арнап, құмар ойыннан аулақ болған дұрыс. Лудоманияның алдын алу – адамның өз болашағына жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Бақытбек Назарбеков



