Ұлттық спорт – халқымыздың тарихы мен дәстүрін, рухы мен болмысын бойына сіңірген ерекше құндылық.
Сондықтан әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар бас қосатын Көшпенділер ойындарының әрбір додасы біз үшін жай ғана жарыс емес, ұлттық рухтың халықаралық деңгейдегі көрінісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтқан сөзі де осы ойдың маңызын айқындай түсті. Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түскен қазақстандық спортшылар көк байрағымызды биікте желбіретіп, ел үмітін ақтады. Ұлттық құраманың жалпы есепте бірінші орын алуы – зор жетістік. Спортшыларымыз 74 медаль жеңіп алса, оның 32-сі алтын жүлде болды. Бұл – спортшылардың ғана емес, олардың бапкерлерінің, жанкүйерлерінің және тұтас елдің ортақ жеңісі.
Аружан Қожасова, Жылыой ауданы тұрғыны




