Жаңа Конституция жобасында ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау қағидатының конституциялық деңгейде бекітілуі мені ерекше қуантады. Бұл – рухани сабақтастықтың сақталуы.
Преамбулада бірлік, татулық және этносаралық келісімнің негіз ретінде көрсетілуі – еліміздің тұрақтылығының кепілі. Дін мен мемлекеттің рөлінің нақты ажыратылуы, білім беру жүйесінің зайырлы сипатының бекітілуі – қоғамның үйлесімді дамуына жол ашады. Неке туралы норманың ерікті және тең құқықты ер мен әйелдің одағы ретінде айқындалуы дәстүрлі құндылықтарды қорғаумен қатар, әйелдердің құқықтарын жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Бұл – теңдік пен тұрақтылықтың үйлесімі.
Мерей Мусин, Жылыой ауданы тұрғыны


