Әлеуметтік желідегі еркіндік пен заңның шекарасы

Әлеуметтік желілер адамдарға өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік береді. Алайда кейде осы еркіндік жауапсыздыққа ұласып жатады. Жалған ақпарат тарату, біреуді қорлау немесе жеке мәліметтерді жариялау қоғамға зиян келтіруі мүмкін.

Менің ойымша, интернет кеңістігінде де заң талаптары сақталуы керек. Себебі виртуалды әлем мен шынайы өмір бір-бірінен бөлек емес. Әлеуметтік желіде жазылған әр сөздің салдары болуы мүмкін.
      Сондықтан сөз бостандығы мен заң талаптарының арасында тепе-теңдік болуы қажет. Еркіндік жауапкершілікпен қатар жүргенде ғана қоғамға пайда әкеледі.

Нұрбақыт Забыханова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT