Құжатқа құрмет – заңға құрмет


Менің ойымша, жалған құжат жасау және оны пайдалану – қоғамға үлкен қауіп төндіретін қылмыстардың бірі. Себебі кез келген құжат адамның жеке басын, құқығын, білімін, қызметін немесе белгілі бір жағдайын растайтын маңызды дәлел болып табылады. Егер біреу құжатты әдейі қолдан жасап, оны заңсыз мақсатта пайдаланса, ол тек заңды бұзып қана қоймай, басқа адамдардың сеніміне және құқығына нұқсан келтіреді.
Қазіргі таңда құжаттардың дұрыстығы көптеген салаларда маңызды рөл атқарады. Мысалы, жұмысқа орналасу, білім алу, мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде жалған ақпарат беру әділетсіздікке әкелуі мүмкін. Бір адамның осындай әрекеті адал еңбек етіп жүрген азаматтарға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан жалған құжат жасау мен пайдаланудың алдын алу үшін адамдардың құқықтық сауатын арттыру, адалдық құндылығын насихаттау және заң бұзушылықтарға немқұрайлы қарамау маңызды деп есептеймін. Заң мен тәртіп сақталған жерде ғана әділ әрі қауіпсіз қоғам қалыптасады. 

                                                          Бағытжан Достанов 
                                                             Жеке кәсіпкер

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT