ҚҰРЫЛТАЙ – ХАЛЫҚ ҮНІН ЕСТИТІН АЛАҢ

Құрылтайдың алғашқы сессиясының басталуы – ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі.

Бұл жиын қоғамның өзекті мәселелерін талқылап, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.

 

Сайлау нәтижесінде «Әділет» партиясына артылған қолдау – халықтың өзгерістерге, әділдік пен ашықтыққа деген үмітін көрсетеді. Ендігі міндет – осы сенімді ақтап, ел азаматтарының ұсыныстары мен талаптарына назар аударып, қоғам игілігіне бағытталған жұмыстарды жалғастыру.

 

Халықтың таңдауы – үлкен жауапкершілік. Сондықтан әрбір бастама сөз жүзінде қалмай, нақты нәтижеге ұласуы қажет. Елдің дамуына үлес қосу – ортақ мақсат әрі ортақ міндет.

 

Үміт Жанғазиева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT