Көршілік байланыс – ортақ мүдде

Орталық Азия елдерінің өзара ынтымақтастығы бүгінде жаңа деңгейге көтеріліп келеді деп ойлаймын. 

 Бұрын әр мемлекет көбіне өз мәселесіне басымдық берсе, қазір ортақ мүдделерді бірлесіп талқылауға мән беріліп жатыр. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен өзара сенімнің нығаюы – бүкіл өңірдің тұрақтылығы үшін маңызды.   
Экономика, көлік, сауда, туризм және қауіпсіздік салаларындағы серіктестік халықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. 

Сондықтан мемлекет басшыларының мұндай кездесулері Орталық Азиядағы татулық пен бірлікті одан әрі нығайтып, өңірдің халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді деп есептеймін.

           Асулан Абдрахманов
Аудандық орталық аурухананың басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT