«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы тазалыққа деген көзқарас та біртіндеп өзгеріп келе жатқанын байқаймын.
Бұрын көшеде қоқыс жатса, «оны тазалық қызметкерлері жинайды» деп қарайтынбыз. Қазір әр адам өзінен бастап, айналасына жауапкершілікпен қарауы керек екенін түсіне бастағандаймыз.
Меніңше, тазалық үшін міндетті түрде үлкен жұмыс жасаудың қажеті жоқ. Қоқысты жерге тастамау, өз аулаңды таза ұстау, қоғамдық орындарды бүлдірмеу – қарапайым нәрселер. Бірақ осы қарапайым әдеттерді барлығымыз сақтасақ, қаламыздың көрінісі де өзгереді.
«Таза Қазақстан» тек тазалық жұмыстары емес, адамдардың мәдениетін қалыптастыратын бастама болса екен деймін. Өйткені таза көшеде жүру, таза аулада өмір сүру – бәрімізге ортақ. Сондықтан туған жеріміздің тазалығына біреудің емес, өзіміздің жауапты болғанымыз дұрыс.
Гауһар Аманжанқызы
Жеке кәсіпкер



