Қоршаған ортаның тазалығы – халықтың мәдениеті мен елді мекеннің көркеюінің басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан көшелерді тазалау, аумақтарды абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару жұмыстарына ерекше мән берген жөн.
«Таза Қазақстан» акциясы тұрғындарды бір мақсатқа біріктіріп, туған жерге жанашырлықпен қарауға үндейді. Тазалық жұмыстарына жастардың, еріктілердің және белсенді тұрғындардың қатысуы – қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жақсы үлгісі.
Әрбір таза аула мен жинақы көше – ортақ еңбектің нәтижесі. Өзіміз тұратын ортаны таза ұстау арқылы Жылыойдың ажарын арттырып, келешек ұрпаққа жайлы әрі көрікті мекен қалдырамыз.
Ақбота Сәрсенова



