«Таза Қазақстан» бастамасының маңызы – адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуінде деп ойлаймын. Тазалықты тек арнайы мекемелердің міндеті деп қарамай, әр азамат өзінен бастауы қажет.
Қоқысты кез келген жерге тастамау, ағаш отырғызу, аула мен көшенің тазалығына мән беру – қарапайым көрінгенімен, қоғам үшін маңызды әрекеттер. Таза әрі көрікті ортада өмір сүру әркімге жағымды әсер сыйлайды.
Сондықтан мұндай бастамалар халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлықты арттырады деп есептеймін.
Мұрат Тыныштықұлы
Аудандық №5 спорт мектебінің директоры



