Көрікті өлке таза мекеннен басталады

 «Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Менің ойымша, бұл акцияның басты ерекшелігі – тұрғындарды тазалық жұмыстарына жұмылдырып қана қоймай, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруында.

 Тазалық – мәдениетті қоғамның басты белгісі. Көшелердің, саябақтардың, аулалардың таза болуы тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосуы қажет. Тазалықты тек арнайы мекемелердің міндеті деп қарамай, оны күнделікті өмір салтына айналдырған жөн.

Акция аясында ағаш отырғызу, көгалдандыру, қоқыс жинау сияқты жұмыстардың жүргізілуі қоршаған ортаны жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай шаралар адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ортақ іске жұмылуына ықпал етеді. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантарлық жағдай. Себебі табиғатты қорғау мәдениеті жас ұрпақтың бойында қалыптасса, болашақта қоршаған ортаға деген жанашырлық та арта түседі. Сондықтан да мен «Таза Қазақстан» акциясын еліміздің әрбір тұрғыны қолдауы тиіс деп санаймын. Өйткені таза әрі көрікті елді мекенде өмір сүру – баршамыздың ортақ тілегіміз.
 
                   Сайлаубай Таласов,
                                      

"Аманат" партиясы Жылыой аудандық филилалының төрағасы    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT