Қоршаған ортаны қорғау – азаматтық парыз

«Таза Қазақстан» акциясы – қоғам үшін пайдалы әрі уақыт талабына сай жоба. Бұл бастама адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, тазалыққа бейжай қарамауға үндейді. 

  Меніңше, тазалық сақтау тек арнайы мекемелердің жұмысы емес. Әр адам өз үйінің ауласын, көшесін таза ұстаса, бүкіл елдің келбеті өзгереді. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы біз өскелең ұрпаққа жақсы үлгі көрсетеміз.

Сонымен қатар, бұл акция халықтың бірлігін нығайтып, ортақ іске жұмыла білуге тәрбиелейді. Таза әрі көрікті Қазақстан – баршамыздың ортақ мақсатымыз болуы керек деп есептеймін.

        Алмабек Дүйсенбайұлы
         Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT