Қорқытуға – заңмен тосқауыл

Қорқыту – адамға психологиялық қысым көрсетіп, оның тыныштығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін әрекет.

Менің ойымша, қандай жағдай болмасын, мәселені қорқыту немесе күш көрсету арқылы шешуге болмайды.

 

Қазіргі таңда адамдардың өз құқығын біліп, заңсыз әрекетке бейжай қарамауы маңызды. Егер адамға қауіп төнсе немесе біреу қорқытып-үркітсе, оны жасырып қалмай, тиісті органдарға хабарлаған дұрыс. Бұл тек өз қауіпсіздігіңді қорғау емес, осындай әрекеттердің қайталануына жол бермеуге де ықпал етеді.

 

Заң мен тәртіпті сақтау әр азаматтан жауапкершілікті талап етеді. Бір-біріміздің құқығымыз бен ар-намысымызды құрметтеп, мәселелерді бейбіт әрі заң аясында шешуге ұмтылуымыз керек.

 

                  Нұрдәулет Керешов

«ACG» мекемесінің нұсқаушысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT