Қорқыту және оның салдары

Менің ойымша, қорқыту – адамның еркіндігіне, қадір-қасиетіне және психологиялық жағдайына кері әсер ететін жағымсыз әрекет. Қорқытудың мақсаты көбінесе адамды өз еркінен тыс әрекет жасауға мәжбүрлеу немесе оған қысым көрсету болып табылады. Мұндай әрекет адамның өзіне деген сенімін төмендетіп, қорқыныш пен күйзеліс тудыруы мүмкін.

Қорқыту әртүрлі түрде кездеседі. Ол сөз арқылы, күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасау арқылы немесе интернет желісінде жүзеге асуы мүмкін. Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің кең таралуына байланысты кибербуллинг пен онлайн қорқыту жағдайлары да жиілеп отыр. Мұндай әрекеттердің барлығы адам психикасына зиян келтіріп, оның қалыпты өмір сүруіне кедергі жасайды.

Менің пікірімше, қорқытуға ешқашан жол берілмеуі керек. Кез келген мәселені күш көрсету немесе қоқан-лоққы арқылы емес, өзара түсіністік пен заң аясында шешкен дұрыс. Әсіресе жастар арасында сыйластықты, адам құқықтарын құрметтеуді және мәдени қарым-қатынасты насихаттау маңызды. Бұл қорқыту мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

                                  Сәуле Мәмбетова  

                            Аудандық мәслихат депутаты 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT