Конституция – тұрақты дамудың кепілі

Менің ойымша, жаңа Конституция жобасының басты жетістігі – оның ашық әрі кең ауқымды қоғамдық талқылау арқылы әзірленуі. Конституциялық комиссияға беделді заңгерлердің, сарапшылардың, қоғам өкілдерінің қатысуы, оның ішінде Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етуі – құжаттың сапалы дайындалуына негіз болды.

Ашықтық қағидаты толық сақталды: отырыстар онлайн көрсетілді, аралық нұсқа халық назарына ұсынылды, әр ұсыныс жүйелі түрде талданды. Бұл – билік пен қоғам арасындағы сенімнің нығаюының белгісі. Жаңа Конституцияның Преамбуласында бірлік, татулық және этносаралық келісім мемлекеттіліктің негізі ретінде айқындалуы – көпұлтты еліміз үшін аса маңызды. Сонымен қатар, Заң мен Тәртіп қағидатының, табиғатқа қамқорлық көрсету қажеттілігінің конституциялық деңгейде бекітілуі – заман талабына сай шешім.
      Неке туралы норманың ерікті және тең құқықты ер мен әйелдің одағы ретінде айқындалуы дәстүрлі құндылықтарды нығайтып қана қоймай, әйелдердің құқықтарын құқықтық тұрғыда жоғары деңгейде қорғайды. Дін мен мемлекеттің ара-жігінің нақты ажыратылуы, білім беру жүйесінің зайырлы сипатының бекітілуі – қоғам тұрақтылығының кепілі. Сондай-ақ, цифрлық құқықтарды қорғау нормасының енгізілуі – болашақты ойлаған батыл қадам. Қазіргі технологиялық дәуірде бұл – әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты. Иә, жаңа Конституция – мемлекеттің институционалдық трансформациясының аяқталуын білдіреді. Ол тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың мүддесін көздейді. Бұл құжат Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, тұрақты әрі прогрессивті дамуына құқықтық негіз қалайды.

                                                Асылхан ӘДІЛБЕКОВ, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT