Жаңа Конституция жобасының әзірлену үдерісін ерекше атап өткім келеді. 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастама жай реформа емес, жүйелі жаңғырудың бастауы болды.
130 адамнан құралған Конституциялық комиссияның құрылуы, оның құрамына қоғамның барлық топтарының енуі – құқықтық мемлекет қағидатына сай қадам. Комиссияға Эльвира Азимова жетекшілік етуі кәсіби және сапалы талқылауға жол ашты. Маған ерекше әсер еткені – 10 мыңға жуық ұсыныстың eGov және e-Otinish арқылы түсуі. Бұл құжаттың шын мәнінде халықтық сипат алғанын көрсетеді. Адам құқықтарының Конституцияның мәндік тірегіне айналуы – еліміздің құқықтық мәдениеті жаңа деңгейге көтерілгенінің дәлелі.
Нұрай АЛДАНОВА, Жылыой ауданы тұрғыны


