Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, құқықтары мен бостандықтары үшін маңызды қадамдардың бірі – Конституцияны жетілдіру екенін атап өтті.
Жеке тұлға ретінде мен бұл бастаманы құптаймын, себебі әр азаматтың пікірі, құқығы мен мүмкіндігі есепке алынатын қоғам – әділ қоғам деп есептеймін.
Референдум – бұл әрбірімізге өз даусымызды жеткізуге, мемлекеттің даму бағытын таңдауға мүмкіндік беретін әділ әрі ашық құрал. Конституциялық өзгерістер тек заңнаманы жаңарту емес, сонымен қатар халық пен билік арасындағы сенімді нығайту жолы.
Мен үшін бұл референдум – тек формальды іс емес, қоғамдағы әрбір азаматтың жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттің дамуындағы өз үлесін көрсетуі. Сондықтан өз пікірімді білдіріп, дауыс беру – азаматтық парызым деп санаймын.
Қала тұрғыны
Қайнар Ұзақбергенұлы


