Қоқыссыз ой, таза орта

«Таза Қазақстан» акциясы – әр азаматтың жауапкершілігін оятатын маңызды бастама деп ойлаймын. Қоршаған ортаның тазалығы тек коммуналдық қызметтердің емес, ең алдымен әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізге байланысты.

Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты аялау, аула мен қоғамдық орындарды таза ұстау – бұл қарапайым, бірақ аса маңызды әдеттер.

 Бұл акция қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қуантады, себебі болашақтың тазалығы солардың қолында. Осындай шаралар арқылы адамдардың санасы өзгеріп, тазалықты сақтау өмір салтына айналуы керек.

Жеке тұлға ретінде мен бұл бастаманы толық қолдаймын және әркім өзінен бастап, айналасын таза ұстауға үлес қосуы қажет деп санаймын. Таза орта – денсаулықтың, тәртіптің және өркениетті қоғамның белгісі.

     Саламат Жәнібекұлы 

  «Қазақ зағиптар қоғамы» филиалының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT