«Таза Қазақстан» бастамасы қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.
Тазалық тек белгілі бір күнде өткізілетін шарамен шектелмеуі керек. Ол әр адамның күнделікті өміріндегі мәдениет пен жауапкершіліктің бір бөлігіне айналғаны жөн.
Өз ауламызды таза ұстау, қоқысты белгіленген орынға тастау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – қарапайым болғанымен, үлкен мәні бар әрекеттер. Егер әр тұрғын тазалыққа өз үлесін қосса, елді мекеннің де көркі арта түседі. Сондықтан туған жеріміздің тазалығына бейжай қарамай, ортақ іске белсенді араласуымыз қажет.
Айбек Қанатов



