Қоқыс тасталған жер – қоғамның айнасы

Кейде адамдар «бір пакет қоқыстан не өзгереді?» деп ойлауы мүмкін.

Бірақ дәл осындай немқұрайдылық көбейгенде, таза жер қоқыс алаңына айналады. Бір адам бастағанды екіншісі қайталайды. Ал соңында оның зардабын бүкіл қоғам көреді.

 

Мен үшін ең өкініштісі – арнайы қоқыс жәшігі немесе қоқыс шығаратын орын бола тұра, қалдықты кез келген жерге тастайтын адамдардың кездесетіні. Өйткені тазалықты сақтау үшін үлкен мүмкіндік немесе көп уақыт қажет емес. Бар болғаны, өз қоқысыңды өзің жинап, белгіленген жерге жеткізу жеткілікті.

 

Сондықтан қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастамау – заң талабы ғана емес, өзің өмір сүріп жатқан ортаға деген қарапайым құрмет деп есептеймін.

 

   Аман Мұратұлы

           

«Аман-Есен» шаруа қожалығының басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT