«Таза Қазақстан» акциясы тек көшелер мен саябақтарды тазалауға арналған шара емес. Оның басты мақсаты – адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгерту. Өйткені қоршаған ортаның ластануына бір ғана қоқыс емес, оған немқұрайлы қарау себеп болады.
Кейде адамдар табиғатқа зиян келтіруді үлкен өндіріс орындарымен байланыстырады. Алайда қарапайым тұрмыстық қалдықтардың өзі экологияға орасан әсер етеді. Көшеге тасталған пластик бөтелке немесе пакет жылдар бойы шірімей, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. «Таза Қазақстан» акциясы әр азаматтың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Табиғатты қорғау тек экологтардың немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті емес. Бұл – әр адамның азаматтық борышы. Таза ортада өмір сүргісі келетін қоғам алдымен өз санасын тазартуы керек. Себебі экологиялық мәдениет адамның әрекетінен емес, ойлау жүйесінен басталады.
Мусин Мерей, Жылыой ауданы тұрғыны



