Қоғамдық тәртіпке құрмет

Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау – барша азаматқа ортақ талап.

Ұсақ бұзақылық жасау, айналаға тыныштық бермеу, қоғамдық орындарда жанжал шығару немесе бөтеннің мүлкіне зиян келтіру сияқты әрекеттер қоғамның қалыпты өміріне кері әсер етеді.

 

Әр азамат өз әрекетіне жауап бере отырып, айналасындағы адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігін де ескеруі қажет. Қоғамдық тәртіпке құрмет отбасындағы тәрбиеден басталып, күнделікті мәдениетпен қалыптасады. Заң талаптарын сақтау – өзгенің құқығын құрметтеудің де маңызды көрінісі.

 

М.Махмудов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT