Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау – әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді.
Көшеде, саябақта, сауда орындарында және басқа да ортақ кеңістіктерде белгіленген талаптарды орындау айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Қоғамдық мүлікке зиян келтіру, бұзақылық жасау және өзгелердің тыныштығын бұзу заңға қайшы әрекеттер болып саналады. Тәртіпті сақтау мен айналаға құрметпен қарау арқылы әрқайсымыз қауіпсіз әрі қолайлы қоғам қалыптастыруға үлес қоса аламыз.
Д.Әлібиқызы



